Көзі солғын тартып, көруі нашарлады. ~ Есік алдында көз нұры тайған, көнелеу тері құлақшын киген шал кішкене қоңырауды сілкілеп, безілдетіп тұр екен. Б.Мом. ~ Содан запыланған ол қыбырсыз отырып, нұры тайған көздердің қарашығы ойнамас күңгірт жанарымен бір нүктеге ұзақ телміреді. С.См. ~ Енді қараса, арыстан дегені — беті әжім– әжім, көзінің нұры тайған, ақ кимешектің ернеуінен ақ шаштары қобырап шығып кеткен Үндемес кемпір екен. Ә.Тар.
