Сұқтана, ежірейе көз салды. ~ Тіпті, жекеменшік фирмаға айналдырып беремін, — деді көз сұғын қадаған ол ірі сөйлеп. — Әке– шешең бар ма? — Әке– шешеден қалған үй бар. Жалғызбын. Қ.Түм. ~ Осынау ғимарат нендей үй екенін тілмәшінен сұрап білген лорд – мәшинеден шығып, маңайына байыппен қарап, орталықтың нұсқасына көз сұғын қадады. Д.Дос. ~ Осындай алдап–арбаумен сұлтандыққа жетіп, талай жазықсыз жанның қанын мойныңа жүктегенің аздай, неғып қалтырап тұрсың?! – деді Бейбарыс Құтызға көзінің сұғын қадай. Д.Рам. ~ Илона жан– жүрегі елжіреп, Алмастың қара көзілдірік бүркеген көз нобайына жасты жанарының сұғын қадап: ─ Сондағы мейірімді қамқоршым, құтқарушым сен екенсің ғой? – дей берді. С.Ом.
