Posted in

КӨЗ АЛДЫНАН ӨТЕ ШЫҚТЫ (ӨТТІ, ЖҮГІРІП ӨТТІ)

Әлдебір оқиғаны қайта көргендей болып, есіне түсірді. ~ Осының бәрі оның көз алдынан лезде өте шықты. Өте шыққан бойы Оразбике есіне түсті. Қ.Най. ~ Осының бәрі кеше ғана болғандай тізіліп Назымның көз алдынан өтті. Т.Әбдір. ~ Баяғы бұла күндері көз алдынан жүгіріп өткендей, алдамшы елеске арбалған сүмелек сұр бұрынғы қожасын іздей бастады. Ө.Кәр