Еңкілдеп, тұншыға жылады. ~ Дана адам өлмейді. Ол мәңгі тірі, – деді ауыр қайғы батып көз жасына булыққан жас жігіт. Ә.Әл. ~ Нағиманың соңғы сөзі көз жасына булығып шықты. Нағиманың жылағанын Жұмакүлдің бұл бірінші көруі. Байы басынан таяқ айырмай отырса да, ел өсегінен аяқ алып жүргісіз болса да, соның ешбірін елең қылмай, өтірік жайдарлықпен күні өтетін арсыз, намыссыз адам ғой — деп ойлайтын еді Жұмакүл мұны. Б.Майл. ~ Көз жасына булыққан Ақтоқты оқыс күліп жіберді: ─ Онда, Ақан аға, Құлагердің көңілін қалдыра бермеңіз.Тегі жиі қалдырасыз-ау деймін. С.Жүн.
