Кіршіксіз, саф таза, адал. ~ Осы орманның ар жағында тусырап жатқан ақ селеулі жалпақ жөн бар. Сол жонды ассаң болды, арғы ойда бір тамшы көз жасындай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек болып кішкене көл жатады. C.Шай. ~ Екеуі сарқыраманың басына кеп ұзақ отыратын. Күн нұрына шағылысқан көз жасындай мөлдір суда жалт-жұлт шұғыла пайда болатын да, ілезде адастырып, басқа тұстан қайта елес беретін. М.Мақ. ~ Он жетіге келіп қалды деген аты болмаса, ол әлі де қауызын жарып шашылмаған гүл тәрізді, қалжыңдаған боп көңіліне шоқ сала сөйлеген нағашы апасына кейде ренжіп қалғандай өкпелей қарап, әзіліне көз жасындай таза мөлдір бұлақ сезіммен жауап береді. І.Ес.
