Posted in

КӨЗ ЖЕТПЕС

Алыс, қиыр шет; жай көзбен қарағанда ажыратуға болмайтын ара қашықтық. * Көк теңіздің көсілген қиыры жоқ, Жатыр шалқып көз жетпес бір қияда. И.Байз. ~ Енді сонау көз жетпес қиырдан өмірге деген үміт оты сығырайып, жылт ете қалғандай болды. Ө.Кәр. ~ Төменде жарқырап Шолпы көрiндi. Оның сан жетпес толқынына сан жетпес жұлдыз жабысып алып, көз жетпес алысқа кетiп жатыр, кетiп жатыр. П.Дүй.

  1. Беймәлім, тылсым дүние. ~ Ол күнде көз жетпесті көп іздеген, Түгел білім қайдан екен деп іздеген. Жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды, Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген. Абай.