Мән бермеді, немқұрайды қарады. ~ Оған келтірмеді ғой, көке. Жылқының ізі сойдақталып аулыңа кеп отырса, қалай ғана көз жұмбайға саларсың. Тек пәленің алды- арты осымен тынсын деңіз. Қ.Жұм. ~ Кешірімсіз ағаттық жасадым. Колхоздың майлы қоңына сүлік боп қадалған әккі алаяққа, нағыз жемқорға ықпал тигіздім. Ол қаскөйдің күңгірт, жымысқы істерін көре тұрып, көз жұмбайға салдым. Т.Берд.
