Posted in

КӨЗ ЖҰМДЫ

Әлдебір іске еш ойланбастан, шешшімтал кірісті. ~ Мен егерде сенің әйелің болсам, ыстығыңа күйіп, суығыңа тоңуға ант қылып, ырза болар едім… Қайда алып кетсең де көз жұмып соңыңнан еруге риза болар едім… Енді өзің біл… Маған риза бол…—деді. С.Сей. * Әрине, бұл сапарға да көз жұмып кіріскен жоқ. Жер жағдайын, су жағдайын сұрастырып, біліп шықса керек-ті. М.Мағ.

  1. Қаза болды, өлді. ~ Құдайдың бұйрығына не шара. Ырыздық, несібе таусылған күні бәріміз де көз жұмамыз. Т.Әбд. ~ Көп ұзамай, ақын мәңгілікке көз жұмды. Мен қайғылы хабарды естіп, аза тұтып бардым. Б.Соқ.
  2. Көрмеген болды, мән бермеді. ~ Ендеше, ертеңгі бюрода сіз де жауап бересіз! Көре тұра көз жұмып той жасатқызғаныңыз жауапсыз қалмауға тиіс… Б.Тоғ. ~ Ұлттар достығының тамыры тым тереңде де, тарихы өте әріде жатыр. Мұндай-мұндай тарихи фактыларға көз жұмып қарауға болмайды. Қ.М.Әли.