Posted in

КӨЗ КӨРМЕС, ҚҰЛАҚ ЕСТІМЕС ЖАҚ (ЖЕР)

Тым алыс жер, ит арқасы қиянда. ~ Өзім де білмеймін. Не де болса, енді мен көз көрмес, құлақ естімес бір жаққа кетем. Ертең ел бетіне қалай қараймын? Б.Соқп. ~ Кетем! Көз көрмес, құлақ естімес жаққа қаңғып кетем. Омалып отырғанда кімді күтем? Н.Кел. ~ Жылқышы жігіт қызды көз көрмес, құлақ естімес тағы бір жаққа әкетпек болып, екеуі уәде байласады. Қ.Жұм. ~ Бүгін — мереке, өлгенде көрген мереке. Құрғақ заң екенін мен де білемін. Сондықтан да көз көрмес, құлақ естімес жерге ертіп әкелдім. Мә, ал! Тышқанға да той бар. Қағып жібер. М.Қаб. ~ Бірақ о дүниеге емес, …көз көрмес, құлақ естімес жерге кету керек. С.Ақт.