Өші кеткендей құнықты. ~ … маған туар жақсылықтың ауылы алыста, алыста… ендеше, мынау әкеден қалған жалғыз аяқ жолды көз құным қалғандай қызғыштай қорғауыма не себеп? О.Бөк. ~ Әкеңнің көз құны қалғандай қылғытып едің ағын да, қызылын да араластырып. Отыр енді қақпанға түскен қасқырдай қыңсылап!» Т.Сәу. ~ Адамның ақымағы осындай кезде дараланады екен… Жайшылықта біреуге «сен ақымақсың» десе, соны айтқан кісіде көз құны кеткендей болары хақ. Ж.Ахм.
