Адамды еріксіз тартатын, қызықтыратын, ынтық қылатын дүние не сұлулық. ~ Мүсірәлінің де көңіл іңкәрі, көз құрты — Гүлнаш. Бірақ Гүлнаш оны менсінбеген. Т.Әл. ~ Әйел көркі көз құрты емес пе, орталарындағы жалғыз қазақтың сұлу жарына түрікмен жігіттерінің де аңсары ауа бастады. А.Өт. ~ Қашанда адамдардың көз құрты болған мал-мүлік, ақша абыройын асырды. Б.Тоғ. ~ Уа, үшбу пәниде көз құрты — дүниені жиып та, шашып та жақпайсың ғой, пәнде баласының қулығы мен һаярлығында шәк болған ба, әп-сәтте халық іші алаяқ пен суайтқа толды. Ж.Нәж.
