Әлдебір ісінің шын себебін жасырды, жалған сыңай танытты. ~ Поштаға газет-журнал әкету үшін емес, көз қылу үшін соға салды. Қ.Жиен. ~ Бақтығұл үндемеді. Бірақ таң қалды. “Болыс әлденені сылтау қылып құйрығын сыртқа салғысы келе ме? Жоқ, жұртқа көз қылып, отыр ма? М.Әу.
- Сес көрсетті. ~ Осы күні, дәл сол жиынға көз қылып, Тәкежанға «қалаға шап деді. Отряд әкел, қырғын көрсін бұл тентек ел» деп бұйырған-ды. М.Әу. ~ Бұған дейін Сыбан – Рабтан басқа жұртқа көз қылып, “ағамның сүйегін қорлатпаймын. Қытайға бере алмаймын” дегенмен келіп еді. С.См.
- Өзгелердің алдында мақтану, атын шығару, көрініп қалу үшін істеді. ~ Оны жасаушылардың өзі көбінесе қайырымдылық деген сөздің тұсына белгі соғу үшін, өзгелерге көз қылып істейтіні тағы жасырын емес. С.Досж.
