Posted in

КӨЗ НҰРЫН СУЫРДЫ (ТОЛТЫРДЫ, ТАЛДЫРДЫ)

Көзді шаршатты. ~ Олар да осындай сортауыт жерлерде көп жүреді деуші еді. Ендеше, мынау көз нұрын суырып жылтырап, жалтылдай мың құбылып жатқан ақ шағылтақ кеңістікте жүрмегенде олар қайда жүреді! Ә.Кек. ~ Күткенде таң ата ма, жуыр маңда, Күткен үміт денені қуырғанда, Бір кезде бозғылданып сөгілді таң, Көз нұрын қараңғылық суырғанда… С.Мұқ. ~ Айтсайшы, қымызы бар ойдағы үйді!.. Өрісте шопан баққан қой да күйлі. Көз нұрын талдырады-ау, талдырады-ау, Даланың сұлулығы, мол байлығы!