Көзге бірден түсетін, еріксіз көңіл аударып, қызықтыратын д.м. ~ Қойшы үйінде пәлендей көз сүрінер жиһаз болмайтынын бұл бұрыннан білетін. О.Сәрс. ~ Ақшулан жол танабынан өзге төңіректе көз сүрінер жылт жоқ. М.Сүн. ~ Жамалдың да тал бойы Құлагердің сағағындай сұлу. Сымбатына көз сүрінер. Құлагерден айырылған сері Жамалдан айырылғысы жоқ. Ол келіссе, үкі тағып, бауырына басқысы бар. Р.Мұқ.
