Posted in

КӨЗ ТАЛДЫРАР

Жалықтырып жіберетін біркелкі көрініс, құбылыс туралы. ~ Өкшелері жылтыраған өңшең қара борбай соңынан қиқу салып қуа жөнелсе- ай… Ұзай берсе, ұзай берсе… Көз талдырар сағымға сіңсе барып… Баланың адымы ұзын, сапары оң болады екен. Әлгі ит шығынып кетті ғой»,— десе, күн беттегі көздері жасаурай сығырая қарап тұрған қариялар. Ә.Кек. ~ Кейбіреулер біздің жақты қу медиен көреді. Ал, даланың құдіреті қайталанбас сұлулықта, көз талдырар шалқар кеңістікте емес, адам санасы мәнісіне жетпейтін сан ғасырлық… Ж.Шағ. ~ … қалың шаңға қақалған соң арба да салдыр-күлдірін ұмытты, көз жетер жердің бәрі көз талдырар бір сурет, әрі-беріден соң қалғыған сұрғылт көкжиекке қараудан да жалықтым. И.Бун.

  1. Көп күттіріп, зарықтырған д.м. ~ Кенебай Алматыға кетем,— деген, Кербезге — тойда болып кетем,— деген. Күзгі таң, көз талдырар үркер туа, Түбіне мая шөптің жетем,— деген. К.Әзір.