Posted in

КӨЗГЕ БІРДЕН ШАЛЫНДЫ (ТҮСТІ)

Салған жерден бой көрсетті, көзге түсті, байқалды. * Бурыл сақалы көмескі сәуледе алқымын түп- түгел жауып кетіпті. Көзге бірден шалынды. С.См. * Қалтасынан кілтін алып, есік ашты да, сипалап жүріп, шам жақты. Көшкелі жатқан үйдің сұрқындай жалаңаш керегелер көзге бірден шалынады. Т.Әбд. * Соңғы жолы қандай жақсы! Мұнда нағыз суреткердің жіті жанары тұр. Көзге бірден шалынады. Ж.Нәж. * Тіпті бау- бақшаларының қоршаулары да не шарбақ, не талдан тізбектеген, бейне бір ши ұстап қойған сияқты. Тегіс ағаш — мол байлық ішінде тұрғаны көзге бірден шалынады. Х.Ес. * Аударманың баяндау ырғағы түпнұсқадан өзгеше екені көзге бірден түседі. Тынысы басқа. Пушкин ауызекі әңгіменің әуенімен суреттейді. Г.Бельг. * Бірақ, менің ойымша, осының өзі де уайым- қайғыға жеңдіртпей, әсіресе зарыққан шағында өзін- өзі жұбатқан жанның көлденең көзге бірден шалына кететін сыртқы әсері. С.Ом.