Posted in

КӨЗГЕ ҚОРАШ

Сырт көзге онша жағымды емес, елден ерек, қарабайыр. ~ Сарыбала бұл күндерде ат үстінде. Аты — Әлдекең үйінің жауыр кер төбелі, ері — желқом. Кигені шоқпыт күпі, жаман тымақ. Жан-жақтан хабар әкеледі. Солдаттар кездесе қалса мына түрінде оны не қылсын, көзге қораш, үйленсе де бала, езі орысша біледі, деп ауыл әдейі сайлап қойған. Ғ.Мұст. ~ Кім бай, кім жат, кім қандай пиғылда – бәрі белгілі, кеше ғана кәмпескеден қашқан Сыпатай бай да, оның қайдан келгені белгісіз орыс баласы да көзге қораш, елеусіз жандар емес. М.Мағ. ~ Көзге қораш, тыныш тірлік кешіпті. О.Сәрс. ~ Әсет далаға көз тастаған. Сол баяғы талай рет аттылы-жаяулы жол шеккен бел-белестері. Бұрынғысынан басылып, кішірейіп, көзге қораш тәрізденіп қалған. С.Мұр. ~ Көзге қорашқа көңіл көншімейді. Ежелден солай. Ә.Нұрш.