Posted in

КӨЗГЕ ТҮСТІ

Елге танылды, жұрттың назарын өзіне аударды. ~ Байырқулар сәйгүлік жылқысының молдығымен, адамының көптігімен заманында көзге түсумен қатар, қыс мезгілінде шаңғымен аң аулайтын айлакерлігімен де басқаларды таңдандырган халық. Ж.Шәк. ~ Бүгінгі тақырыбымызға орай айтар болсақ, Тұрсынәлі Рыскелдиев көненің арты, жаңаның алды болып, өзінің жаңаша іздену бағытымен көзге түсіп жүрген жазушы дер едім. Т.Рыс. ~ Асаталдан келген хирург жас та болса өз ісінің көзге түскен маманы екен… Ә.Тар.

  1. Көрінді, байқалды. ~ Басыма киген қасқамның маңдайында электр фонары бар… Қолымда да бар ол… Екеуімен шыңылдаған рельстің өн-бойын кезек-кезек қараймын— көзге түсетін ештеңе жоқ!.. С.Мұқ.