Көңілге қымбат естелік сыйлайтын көрініс. ~ Көзге ыстық шағын гүлзар ішіне кеп кірді, төңіректе жан көрінбейді. Күні кеше осы жерде Айнаш құрбыларымен тізерлесіп отырып, емтиханға дайындалған, балмұздақ жеп, тәтті су ішкен. М.Сүнд. ~ Көзге ыстық көне суреттерді қайта қарағандай, соның бір-екеуін келтіре кетейін. Б.Мом. ~ Қартайған шағымызда сол көзге ыстық мекенге бір белгі орнатсақ деп едік. О.Сәрс.
