Айрылып қалды; қайтып оралмайтын арманға айналды. ~ Бұл бiр қызық өмiр‚ қызығы таусылмас дәурен едi. Сол шаттық бiр-
ақ күнде көзден бұл-бұл ұшты. Қ.Түм. ~ Тез арада екеу болмасаңыз, пәтер көзден бұлбұл ұшады, ә? М.Қаб. ~ Біріншісі –
бәйгені желаяқ жүйріктер қыздырар; қыздырар да көзден бұл-бұл ұшырып, сағым боп жоғалар; екінші ойын – көкпар,
қашқыр ат пен қайыс білекке сын салар, сын салар да даңғой қазақтың жынын алар; үшінші ойын – салым. Д.Дос. * Бір ай
бойы кайф боламыз деген арман көздерінен бұл-бұл ұшты. Т.Сәук. * Қайран Семей, саған не дейін, көзден бұл-бұл ұштың
ғой. Т.Кең. ~ Алақанына қонғалы тұрған бақыт құсы, мiне пыр етiп көзiнен бұл-бұл ұшты. Бұл қысастығын өлсе
кешiре ме! Т.Сәу.
