Posted in

КӨЗДЕН ҰЙҚЫ, ҚАБАҚТАН (КӨҢІЛДЕН) КҮЛКІ КЕТТІ (ҚАШТЫ)

Ойын-күлкіден қалды, мұңға батты, қайғы-шерге берілді. ~ Былтырғы жиырма бірдің, қазақша айтқанда, тауық жылының қыс пен жазының лаңын білесіңдер. Көзден ұйқы, қабақтан күлкі кетірген уақыт болды ғой. Қысы ұзақ жа-тып, алжып өлсе, жазы қаңырағы түтеп, шөлдеп өлді. К.Сег. ~ Бір күн тәтті татқаным, бір күн ащы, Көзден ұйқы, Көңілден күлкі қашты. Ұстатпайды-ау құрғырың, ұстатпайды, Бұралаңға салып бір «түлкі қашты». А.Ас.