Posted in

КӨЗДІҢ ЖАСЫН ИДІ

Көз жасын аяп, мүсіркеді. ~ Ертеңінде есін жинап, сұрай-сұрай бүкірді тапқан. Өлдім-талдым дегенде, көздің жасын иіп, бір бұзаулы сиыр бермек боп, бүкірді алып қайтқан. Ж.Айм. ~ Біресе бұл жарлық әншейін қазақты шошытуға, тәубесін есіне түсіруге, ұйқысын ашуға жіберген «құдайдың сыны» шығар, ел боз қасқасын айтса, құрмалдығын берсе, мойнына бұршақ салып еңіреп жыласа, «Өзінен» тілесе, көздің жасын иетіндей, жарылқайтындай көрінді. Ж.Айм.