Мөлдіреп тұрған саф таза көрініс туралы. ~ Әлі кетіп адасып, жығылып-сүрініп келе бір жерге жатып еді, ұйықтап кетті. Оянып шелекті қараса: көздің жасындай, меруерттей мөп-мөлдір суға шелегі толып тұр. Ә.Бөк. ~ Жұлдыздар жұдырықтай – жұдырықтай. Көздің жасындай мөлтілдеп тамып кетуге шақ тұр. С.Елуб. ~ Шор боп қатып қалған мұздың сүмбелерінен көпке дейін көздің жасындай тамшы ағып, кешікпей әлгі тамшының өзі саусақ іспетті саусыған мүзға айналған. О.Бөк.
