Қатты таңданды, көзі бақырайды. ~ Немістермен?— деді үй иесі шынымен таңырқап.— Тағы не жетпей қалды? — Жетпегені қалай?—деді қазақ көзі төбесіне шығып.— Біз Отан үшін!.. Ұлы Сталин үшін! М.Мағ. ~ Бұны естігенде Тевкелевтің екі көзі төбесіне шықты. Ә.Кек. ~ Жарымағыр, сонша неге бажырая қалдың? – дегені. Итжеместің екі көзі атыздай боп тас төбесіне шықты. Мына қыз қазақшаға судай ғой! Ә.Кек. ~ Анада айт күні абайсызда еңгезердей сары кісі үстіне кіріп келгенде көзі тас төбесіне шыққан. Ә.Кек. ~ Тіленшінің айтқанын Жатқанбай қызығушылықпен тыңдаған. Әсіресе, табысын естігенде екі көзі атыздай боп тас төбесіне шыққан. АҚ “Алғашқы табыс”.
