Қорлыққа тап болды, зар илеп, жылады. ~ Халық қамын ойлаған қасиеттім – ай! Желмая мініп сыдыртып, жер жақанды шарлапты. Жерұйық тапты ма сонда? Ұрпағының қызылқұмда қамалып, көзі ағарарын сезген екен… З.Шүк. ~ Көзі ағарған бос сеніммен Тәжірибесіз тағы ғашық Ерке әуреге ерді адасып. І.Жан. ~ Ірі қылып сөйлесең, Ғаріптің көңлі шамалар, Қамбарға Құдай бақ берсе, Әр жерден дәулет жамалар. Алла бағын тайдырса, Байдың көзі ағарар. “Қамбар б.”
