Posted in

КӨЗІ АТЫЗДАЙ БОЛДЫ

Қатты қорқып кетті, үрейі ұшты, көзі бақырайды. ~ Оның да, мұның да көзінен жас ыршып кетті. Қасапшы шаруасын бітіріп болып, сапысын жарқылдатып, артына жалт бұрылды. Итжеместің даусы шығып кетті. Қасапшының көзі атыздай болды. Ор жиегіндегілер де үрпиісіп қалды. Ә.Кек. ~ Не де болса, ойланып жатарға мұрша жоқ. Доғаша иіліп жатқан ұзынша орға қарғып кетті. Қарғуын қарғығанмен көзі атыздай болды. Ордың түбі андыздап тұрған көп істік найза. Ә.Кек. ~ Қызыл сәтенді аудан сәбетке жібермей Даржанға дамбал тігіп киюге жібере ме? Не ойлайсың өзің? Дүрәлінің көзі атыздай болып шешіне алмай қалды М.Қанз. ~ Мынаның бәрін алып кетіп, тиісті жеріне берсем, халіңіздің қандай боларын білесіз бе?- деді. Директордың көзі атыздай боп кетті. Д.Ис. * Қос өркеші баладай інгенінің колхоздың өзге түйелеріне ілесіп өткел басына жетіп қалғанын көргенде Қуанның көзі атыздай болды. М.Сүн.