Сауатты, саналы, көргенді. ~ Өңдерің жылы, сөздерің пысық жігіт екенсіңдер. Бұл ел көзі ашық, көкірегі ояу қонаққа кенде.
К.Сег. ~ Менің әкем Рахметолла кезі ашық, көкірегі ояу, зерделі адам еді. Өз уақытында балаларды оқытып, білім берген
ұстаз. Ел ішіндегі игі жақсылармен араласып, аңыз-әңгімелерді, шешендік сөздерді бір кісідей білетін. Ж.Қаш. ~ Саған
тілеулес жандар, тарихшылар ғана емес, қазақ қауымының көзі ашық, көкірегі ояу білімпаздары саған ғана емес, күллі елдік
тарихымызға жасалған қиянатқа қарсылық көрсетсе деген тілектеміз! М.Сәр. ~ Пышанның кейінгі алған әйелі Балқия –
найман елінің атақты қажылары Маман-Тұрысбек ауылының қызытұғын. «Медресе Маманияда» мұсылманша да, орысша да
оқыған, көзі ашық, көңілі ояу қыз. Б.Тоғ. ~ Қарапайым бақташының әуселесі келмейтін, астананың көзі ашық, көңілі ояу
тұрғыны ғана шығара алатын өлең жолдарының әнге қосылып жатқанын аңғарған бұлар аң-таң боп аңырып қалды! М.Серв.
