Өлмей тұрғанда, көзі тірісіне. ~ Келіп ем көзі барда көрейін деп, Көрген соң күйігіңнен өлейін деп. Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын, Өзімді сенен бұрын көмейін деп. С.Тор. ~ …баяғы Өтеу бабасының «бебеу күйін» тартқанын көрсе, одан арғы тіршілік, шынында да, мәкіру… Сосын оң жақтан ақ жуып, арулап шығаратын азғантай тұстастарының көзі барда, бала– шағасының алдында кетсе арманы жоқ. Ә.Кек.~ … оның үстіне, көзі барда да анасы бұған есте тұтарлық не жұбаныш, не мейірім, не бір туғандық жанашыр сезім қалдырған емес… Қ.Ысқ.
Аман-сауында, тірі жүрегінде. * Көзі тірісінде көп пенденің өздері орындай алмаса да, жиі айтатын «адамгершілік, кісілік» деген ізгілік мақсатпен аттанып бара жатқанын білер К.Сег. * Сол айтқандай, бұл дүниенің құбылып тұратын баянсыздығын бір есептен көзі тірісінде көріп кеткені де дұрыс сияқты. Қ.Жұм. * Әкесі, марқұм атамызды айтам да, көзі тірісінде біздің совхозға көршілес «Қызыл ту» совхозында трактор айдаған екен. Д.Әш. *
