Күмәнсіз сенді, иланды. ~ Әйтсе де, жарық сәуледен, көзін біржола жұмбай құтылмасына көзі жеткен соң, тым болмаса саусылдаған сары қолдың ішінен сытылып, даланы бір көргісі келді. Ж.Айм. ~ Күні ертең сот болғанда, мұның, яғни айыпкердің бәрібір жазаланып, түбі сотталатынына көзі жетті. Ш.Құм.
- Анықтап айырып көрді, ақиқатын ажыратты, таныды. ~ Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді? Ж.Айм. ~ Ісі ақ адам, дүниетанымының дұрыстығына көзі жеткен адам ғана күрескер бола алады. Б.Қойш. ~ Тұяқ санының шындығына көзі жеткен аңшы жорта қиылды. Т.Әл.
