Қайтыс болды, өмірден озды. ~ Бүгін көзі жұмылды дегенмен, бетін топырақ жауып үлгермеген Керімбайдың бет– беделі әлі де өз күшінде. Қ.Жұм. ~ Есей сапырылысқан кермек ойды әрі-бері қуалап көріп еді, батпаққа малтыққандай діңкелеп қалды. Тіршілігінде көрсеткендері мынау, көзі жұмылса көрін қазуға да ерінер мына қалпында. Ө.Кәр.
