Posted in

КӨЗІ КӨР

Соқыр, зағип болған адам туралы. ~ Бақыт, бақ деген соқыр кісі екен деуші еді, Марлен. Сол көзі көр кісі бұрылып адасып, бізге соқпайтын сайраққа түсіп кеткенге ұқсайды. Б.Қыд. ~ Әлқисса, Қыз Жібек жата тұрсын, Сансызбай он жеті жасқа толып, Төлегенді іздемек болып, әкесінен бата сұрап келіпті, екі көзі көр болып жатады екен. “Қыз Жібек”. ~ Әжеме айтып сазайыңды тартқызармын. Сені өзі ақсақ, көзі көр, тісі кетік, мұрны пұшық, кемиек, басы таз сүмелек біреуге бергізермін, — деп дүниедегі ұсқынсыз нәрсенің бәрін асығып–үсігіп санап жатырмын. Б.Мом.