Жымың қақты, жүзі гүл-гүл жайнады. ~ Ашуға емес, жайдарылыққа біткен қалың қасты жайпақ қабағының астынан кішкене қара көзі күлімдей қарайды. С.Шай. ~ Оның бет-пішіні үлбіреген нәзік еді. Екеуіміз қайсыбірде бәтуаға кеп келіскен сәттерімізде бейне алдына қымбат сый тартылғандай екі көзі күлімдеп, жүзі гүл-гүл жайнап қоя беретін. Э.Хэм. ~ Дәрігер досы қарқылдап тұрып күлді. Ол содан кейін көзі күлімсірей, қуақылана, досының басын сұқ қолымен түрткілеп … М.Им. ~ Каренина тапжылмай, өзін өзі өте тік ұстап, көзі күлімсіреп тұр. Л.Тол. ~ Сәкен қарсы жауаптай қоймады. Көзі күліп, қабағын шытып тұратын өзінің іштей риза қалпымен шалқайып тұрып, Совнарком председателінің қолын қысып амандасты да, кейінде тұрған Мырзағұлға қол берді. Х.Ес. ~ А, и-ә! – деді Сережа көзі күліп, – Ол рас, иә! Мен темекіні екі рет тартқанмын, бүгін бір, бұрын бір. А.Чех
