Posted in

КӨЗІ ҚҰРЫДЫ

Жоқ болды. ~ Бұл қазір де сол қақпастың өлімін күтіп жүр. Соның көзі құрып, әкімшілік ауысқандай болса, өзінің бұл өлкеде бір күн тұрмай, астанаға қайта оралатынына сенімді. Қ.Жұм. ~ Облыстың жаңа әкімінің екі жылдан соң көзі құрып оқу бөліміміз қайта ашылды. Мәдениет бөлімі де сөйтті. Н.Дәу. ~ Осылардың көзі құрымай заман түзелмейді», – деп кіжінумен жүрген жұрт: «Иә, құдай, әділдік бар екен ғой!» – деп қуанады. Ә.Кек.