Зәресі ұша қорықты. ~ Торшолақ төбеге ұрғандай оқыс тоқтады да оқыранып жіберді. Әуелде қуық босататын шығар деп еді, төрттағандап талтиып тұрған борбайынан сығалап науа жолға көлденең түсіп сұлап жатқан көкжалды көргенде көзі тас төбесінен шықты. Қ.Ысқ. ~ Аяқ тықырын сезді ме, қайың туесогін тастай беріп атып тұрғанда Айкүмістің екі көзі тас төбесінен шықты… Қ.Ысқ.
