Ашу қысып, шала бүлінді, көзін бақырайтып қарады. ~ Райкомым біреу жағынан салып жібергендей көзі шатынап жалт қарады. Байқаймын, маған деген зілі жоқ. Бірақ өзі өзегі өртене бастағандай қап-қара боп түтігіп кетіпті. К.Қаз. ~ Не дедің, әй! – Әкемнің шүңірек көзі шатынап, қолдары дірілдеп, жамбасының астындағы түйіншекті суырып алды да: – Мынаны сонда мен басыма қоям ба?-деп менің бетіме лақтырып жіберді. Н.Сер.
