Сан соқтырып, алдап кетті; ізін таптырмай кетті. ~ Жап-жаңа, аттай бір бас жіпті таққаны сол еді, сыртқы ауылдың балалары ала қойып, көзін ағартып кеткені. Қолына құлғана шыққыр! Қайсысы ғана ала қойды екен? Ж.Айм. ~ Қысты күні қаша бұзып алған аттың аяғына киіз байпақ кигізіп, тырс еткізбей шығарып кететін, шиырдан-шиырғa соғып із жоғалтып қуғыншының көзін аппақ қылатын Есімбек сияқты жыртындылар өміріне жымын білдірмейді. І.Жанс.
