Posted in

ШОҚТАЙ КҮЙДІРДІ

Ерекше әсер етті, жүрегін тулатты. ~ Кенет жүрегі алқына соғып, Мақпал демсіз тынды. Сол қатерге өзі бас тіккендей, тезірек болғанша, біткенше асығады. Төсіне жанасып кеткен жігіт тәні етін шоқтай күйдіріп, жүйкесін босатып барады. З.Шүк. ~ Бар ынтызары — көр бедеудей бұлаңдаған Өрік. Қапелімшіл жүрегін, шыдамсыз жанын шоқтай күйдірген оның ойнақы қарақат көздері, гүл қабыз нәр құмар еріндері… Сол бір жанаргүлдей жаңбыр күтіп шөлдеген қыз, телміре қарап өзін шақырып тұрғандай оған. І.Ес.