Posted in

КӨЗІНЕ КӨК ШЫБЫН ҮЙМЕЛЕДІ (ҮЙМЕЛЕТТІ)

Жаны қысылды, басына күн туды, қиналды.~ Әзімбайдан көмек сұраса: «Әнеугүні екі қозыны қасқыр тартты. Сен ұйықтап қалып жегіздің. Сонда ұрысқанымда қыңырайып, қырсық жауап айттың. «Недоймке» келгенде көзіңе көк шыбын үймелер, сонда көрермін дегенмін»… деп табалаған-ды. М.Әу. ~ Жоқ, Құдiрет ынтызарлық пен құштарлыққа бола жазаламайды, ынсапсыздық пен шектен шыққандық үшiн пенденiң көзiне көк шыбын үймелетедi. Ж.Шағ.

Жанын қысты, күнін қараң қылды. * Менің ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс. Кім маған немесе мен жұмыс істеп отырған үкіметке қарсы шығатын болса, көзіне көк шыбын үймелетіп, тұқымын тұздай құртамын! – деген дөң айбат көрсететін болды. Ж.Шәк. ~ Е, сен бе едің, иттің күшігі?! Ағаң екеуің жол торып, кімнің тауын құлатпақсыңдар?.. Қап, сендерді ме! Осыдан көздеріңе көк шыбын үймелетпесем бе! – еп ақиланып ұрса бастады. О.Сәрс. ~ Әлгі, құдай атқыр… Желік суын ішіп-ішіп мас болып келді де, көзіме көк шыбынды үймелетіп!… Енді, міне, үйден қуып шықты… – деп … Қ.Ысқ. * – Әйтеуір молдалар секілді көзіме көк шыбын үймелетіп шыбыртқылап сабамасаң болды. О.Бөк. ~ «Біздікінен жақсы ел біздің қарамағымыз дан бөлініп кеткен, ревизионист орыстың «мал базасына» айналған сыртқы Моңғолың ба сенің, көк шыбынды үймелетеміз көзіңе!» депті. Ш.Рах.