Жыны қозды, елірді, құтырды. ~ Қазақ кеспеген құлағымды сен кестің бе, Тықы! Көзіңе қара ұрынып тұр екен. Өмірің ұзақ болмас! – деді Ақназар қалтырап. З.Шүк. ~ Шыбыртқы тиген қос өгіз желкелері күжірейе алға ентелеп, бос май бөшкелерді қаңғырлата жағаға шыға берді. Отқа ұмтылған көбелектей паромға жүгірген Қанатты арба қағып кете жаздады. — Әй, өлеме қайтеді мына біреу?! — Былай, әй!.. Көзіне қара ұрынған ба, былай,— деп Қырмызы мен Жамал жарыса бажылдады. Н.Сер. ~ Ертелі Сақташтан беті қайтып, ашуын кімнен аларын білмей, көзіне қара ұрынып отырған директор ал келіп айқайды салсын. Бағанағы кездегі салбыраған қабақтар әшиін екен, лезде-ақ адамдардың еңселері төмен түсіп кетті. Нағыз азалау енді басталды. Қ.Дан.
