Posted in

КӨЗІНЕ ТҮРТТІ

Бетіне басты, қорлады. ~ Қимағаннан қонысты, Қайтып саған келгенбіз. Келген кісім сен болсаң, Көзге түрте бермеңіз Енді қорлық көрсек те, Анау жатқан Әлімге Біз уәде бергенбіз. Шернияз. ~ Уһ, аллай! Бауырымнан – балам, қойнымнан – жылуым кеткен соң көзіне түртер ме енді. Дігерлемей қайтсін! Өзі жас, өзі сұлу келіншек жадылап қойған соң. С.См.