Posted in

КӨЗІНЕ ШӨП САЛДЫ

Жұбайына ( күйеуіне) опасыздық жасады, ойнас қылды, суық жүріске салынды. ~ Жоқ, қарағым! Оның жөні не бола қойсын. Оның аты: ханның көзіне шөп салған, өз ырысынан өзі безген болмай ма? Ж.Айм. ~ Рыцарь яки қарт (әртүрлі айтылады) болыпты. Ол соғысқа кетіпті. Әйелі оны күте-күте жалығып, көзіне шөп салыпты. М.Им. ~ Текежан мырза күйеуінің көзіне шөп салмайтын адалдығы үшін әйелімді жесір қалдырмақ. Ол үшін қырық екідегі мені отыз бірде деп майданға жібермек! Ә.Әб. ~ Кезінде комунистердің комсомол белсендісі болған деседі. Ондайлар не көйлегінің етегін көбірек көлбіретеді не бұралқы ит құсап әнімен жағады. Байының көзіне шөп салу былай тұрсын әке-шешесін сатудан да тайынбайды. Ж.Шәк. ~ Сіз не айтып тұрсыз, қайдағы опасыздық?!.. Күмісжанның көзіне шөп салып өле алмай жүр ме?!.. Ондай әйелге түсіңізде жолығарсыз! Күмісжандай әйел қайда?!.. Қ.Жиен. ~ Аттан түсіп жатқанда жұлдызыңыз ыстық көрінгені және де рас. Бірақ Нұрекеңнің көзіне шөп сала алмаймын. Теңіне қосылмаған жалғыз мен емес шығар. Пешенеме тигеніне кенемін. Т.Әл.