Ағыл-тегіл жылады. ~ Заман көкірегі қарс айрылғандай боп шерлене шырқағанда біздің ауылдың кәрі-жасының көзінен жас парлағанын баян еттім. Ә.Нұрш. ~ Осыны ауырсынған бота бақыра бастағанда інгендердің бірінің көзінен жас парлап, ботаға қарай жүгіре жөнеледі, ал екіншісі бей-жайлық танытады. Т.Жүс. ~ Сәуле жасқа булығып сөзін жөнді аяқтай алмай отыра кетіп еді, екі көзінен жас парлата Тайман түрегелді. Ә.Әб.
