Posted in

КӨЗІНІҢ ЖАСЫ АЛТЫ ТАРАМ

Көзінен жас парлап ақты. ~ Анасын ақымға алып кіргенде, көзінің жасы алты тарам болып, өксігін тыя алмай, сарқыла бір жылап алды да, тас тыйылған. Т.Рыс. ~ Ағатай – ай, не жаздым? Мынадан да құтылар күнім бола ма, Кеке?! Жаназамды сіздер шығарсаңдар арманым жоқ! — деп зарлап, көзінің жасы алты тарам төгіліп кетті. Ж.Ахм. ~ Алпамсадай, шар тартқан кісінің, аты бәйгеден келмегеніне бола, балаша солқылдап жылағаны қызық екен. Көзінің жасы алты тарам болып кеңк- кеңк етеді. Т.Рыс.