Posted in

КӨЗІНІҢ НҰРЫ ҚАШТЫ (СЕМДІ, СОЛҒЫН ТАРТТЫ)

Жанары көмескі тартты, көруі нашарлады, көзінің оты қашты. ~ Бұрынғыдай емес белі бүгіліп, шөгіп барады; бұрынғыдай емес көзінің нұры қашып, жасаурай беретін болып жүр. О.Бөк. ~ Ақшыл өңі бозарып, тана көзінің нұры семіп, жүдеу көңілмен отырғаны көрініп-ақ тұр. Б.Тоғ. ~ Қатты жүдеген. Көзінің нұры солғын тартқан. Апалы-сіңлілі екеуі де осы сәт таңданыстан аңырып қалған. АҚ. “Жынды шеше”.