Posted in

КӨЗІНІҢ ОТЫ ЖАРҚ ЕТТІ

Көзі ұшқын атты, жүрегі тулады. ~ Логинов үндемей аз отырды да, жан – жағына қарады. – Мәмет саған мына бір сөз… – Сен қорқақ емеспісің? – Жоқ! – деп қыли көзінің оты жарқ етті. Ж.Айм. ~ Мен сенімен енді ешқайда да бармаймын! — шатынап тұрып, ақшия жауап бердім. Осы сәт шапалақтың шарт ете түскенін аңдамай қалдым. Көзімнің оты жарқ ете түсті. Д.Мам. ~ Соққының қатты болғаны сондай — көзінің оты жарқ ете түсті де, айналаны қап-қара түнек басып кетті. Н.Ақ.