Қорқу дегенді білмейтін, орынды-орынсыз қауіп-қатерге басын тігетін, жүрегі түкті батыр. * “Ел ішінде көзсіз батыр” атанып, Келем әлі жырдың туын құлатпай. Р.Нияз. * Шіркін-ай, көзсіз батыр болып кететін де кездерім болады – ау менің. Ондайда ештеңеден тайсалуды білмеймін. Айтам деген сөзімді, кімге де болса, басы – көзің демей, айтып салам. Істеймін дегенімді істеймін. Жер қайысқан қалың қолға жалғыз өзім қарсы шабудан тайынбаймын. Б.Соқп. * Ержүрек батыр жігіт қиын сәтте өз батальонының әлсіреген жерін тауып ала қойып демеп жіберетін. Кейде көзсіз батырлығын мақтаныш етіп өліммен ойнайды. Т.Ахт. * Қасындағылары да өзіндей өңкей қисық, «ә десе, мә дейтін» тентек, сотқар жігіттер. Батыраш жұмсаса суға шешінбей қойып кететін көзсіз батырлар. С.Жүн. * Бұл жолға көзсіз батырлықтан гөрі киім мен көліктің мықтылығы ғана төтеп береді. С.Жүн.
