Posted in

КӨК АСПАН

Жаратушы күш, тәңір; аспан әлемі, тылсым дүние д.м. поэтикалық образ. * Қуарып, шошайып қалған жалғыз ғана қу ағаш көк аспанға тіл қатыпты. Не жазып ем, не сұмдық, не зұлымдық етіп ем?! Біттім міне, тек көк аспан, куәм едің, сенен ғана сұраймын. Сорымның да куәсі сен едің – кең көк аспан!.. М.Әу. * Көзің қайда, көк аспан, көремісің, Жарылсаңшы, осыған көнемісің? М.Мақ. * Ей, Көк Аспан, жоқ болса егер керегiм, Мен де қыртпын, аузыма су тамызба! Ә.Балқ. * …Әлденені жүрген жандай аластап, Күрсінеді көк аспан. Ал сен тұрсың ақ толқынның ішінде, Мәңгілікке мызғып кеткен мүсіндей. Т.Таңж.