Posted in

КӨК ДАУЫЛ

Қарқыны, екпіні жойқын. ~ Салт атты баспашы, тұтқиыл соққан көк дауыл Жанқожа сияқты батырларды түрікпеннің қолымен өлтіру керек. Сонда ханның атағына да кір келмейді. З.Шүк. ~ Ой, бәрекелді, бар бол, Бейсеке! Ал, ендігі кезек – Нәкеңдікі. Пай-пай, табанымен жер тарпуын қарашы, мына көк дауыл сойқанның! Т.Сәу.

  1. Ұрысқақ, долы. ~ «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген. Көк дауыл жеңгесінен кергені бар емес пе. Соңғы сөзді Жанар ұзаңқырап кеткенде естіді. Көк дауыл жеңге. Көрік пен балға төсті ғана білетін Төлеп. Өмірде көргені осы екеуі ғана болмақ па? К.Қаз. ~ Ыбырайдың Жарының қызы көк дауыл бәйбішенің қысымынан шығып, өз қолы өз аузына жеткендей. С.Бег.