Жата-жата көтерем болған мал.~ Лай суға сүңгіп шыққан кісіге ұқсап сүмеңдеп, жылы, дымқыл қорадан шыққан көк жамбас қойша үсті-басымнан сасық бу бұрқырап, жүгіріп казарма қайдасың деп, салып келемін. С.Сей.
- Ұзақ жатыстан жамбасы ойылған адам. ~ Күш ұзаққа тырп ете алмай көк жамбас боп, туралап жатқандықтан ба, əлде науқасымыз ұқсас болғаны үшін бе, кім білсін, əйтеуір айтқан сайын əңгімеміз қоюлана түседі. Н.Кел.
КӨК ЖАМБАС БОЛДЫ
Төсек тартып ұзақ жатты, қозғалмай, тырп етпей көп отырды. ~ Мен жеті жасыма дейін омырауға таласып едім, — деді. — Мүмкін, он төрт жасыңа дейін көк жамбас болған шығарсың? Қ.Ысқ. * Компьютерден бас алмастан күн ұзын көк жамбас болып отырып, түрлі берекесіз «қызықтарды» іздейтін, мақсатсыз тентіреп, сарсылса да қоймайтын, сен
делісте жүріп «сергитін», кітап оқымай, білімді мансұқтап кергитіндерден, жақсы маман шықпайды. Э.Құрм …
