Тура арты, өте жақын жерде. * Бұлар болса иттер үрген қыстаққа қайырыла кетуді жөн көрді. Түнімен тізе бүкпес жүріс болатын түрі бар‚ аз–маз ауқаттанып алғанның айыбы жоқ. Қашқын аяғы қырға ілікті. Көк ит те көп ұзатпас. Асса — Қарабұлақ ауылының көк желкесіндегі Көк Жотадан ұшырасар. А.Алт. * Аспандағы күн көзіне шүйліге бір қарап қойды. Сол арада әлгі бір ызың құлағына қайта келді. Ол көк желкесінен қасқыр ұлығандай дыз түршігіп кетті. Ә.Кек. * Сөзі ме бұл өл деген, Сырлы үмітті кетті үзіп, Көк желкем-нен көлденең Көк найзасын өткізіп! Қ.Мырза.
КӨК ЖЕЛКЕСІНЕН
Тура артынан, жап-жақын жерден. ~ Аспандағы күн көзіне шүйліге бір қарап қойды. Сол арада әлгі бір ызың құлағына қайта келді. Ол көк желкесінен қасқыр ұлығандай дыз түршігіп кетті. Төңірегін шолды. Ә.Кек.~ Сен аузыңды жап! Мұнан жұмақ жерді тауып көр‚ – деді ол тұтанбаған темекісін буындыра ұстап‚ бәрінің көк желкесінен түйіле саңқ етіп. Олар «бұ кім өзі?« деп мойын бұрып қарамады‚ өйткені армян мәнері оның тау халқының өкілі екендігін бұрылмай- ақ білдіріп тұр еді. Қ.Түм.
